Серкебаева Гаухар Ысқақбекқызы
«CODEX CUMANICUS» СӨЗДІГІНІҢ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
Мақалада қыпшақ тіліндегі әдеби тіліміздің тамыры болып есептелетін ХІІІХІV ғасырларда құман тілінде жазылған көлемі 164 беттік «Codex Cumanicus» сөздігін негізге ала отырып, қыпшақ тілінің қазіргі таңда қазақ тілінде қолданыс тауып жүрген сөздерідің бүгінгі күнге дейін ешқандай фонетикалық немесе семантикалық өзгерістерге ұшырамағанын көруімізге болады. Сөздікте кездесетін бірқатар сөздер әдеби тіліміздің қалыптасуына негіз болды. Осыған байланысты бұл мақала қазақ тілінің қалыптасуына негіз болған қыпшақ тілін зерттеуде елеулі орын алады. Мақалада «Codex Cumanicus» сөздігінің лексикасының түркі тілімен сабақтастығын қарастырылғаны айқындалады.